Спорт • Бүгін, 11:20

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясы Даму кубогі матчтарына U-16 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге таяуда Испанияның атақты командасы «Барсеолонамен» келісімшартқа отырған Кәрім Меңдіханов та енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан және Ресей жасөспірімдер құрамаларының (16 жастан аспаған футболшылар) қатысатын Даму кубогінің ойындары 25-30 сәуір аралығында Шымкентте өтеді.

«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапына негізінен шетелдік және жергілікті мамандардың жетекшілігімен федерация академиясында білім алып жатқан футболшылар шақырылды. Оларға еуропалық академияларда жаттығып жүрген талантты жас футболшылар – Абдулла Бапишев («Магдебург», Германия) пен Кәрім Меңдіқанов («Сан-Куат», Испания) қосылады.

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды

Айта кетейік, Меңдіқанов 2026 жылдың күзінен бастап «Барселона» ФК академиясының ойыншысы атанады. Бұл бағытта тиісті келісімшартқа қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар