Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылап, әдебиет саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ театр өнері бағытындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық жүзеге асырылғанын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі жаңа іс-шаралар жоспарына қол қойды.