Ауа райы • 03 Маусым, 2026

Маусым айында еліміздің 4 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Маусым айында еліміздің бірқатар аумағында құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусым айында еліміздің 4 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Фото: Қазгидромет

Мекеме алғашында 12 өңірде құрғақшылық болуы ықтимал деп болжағанымен, кейін бұл тізім біршама қысқарған. Қазіргі болжамға сәйкес, қолайсыз ауа райы мына аудандарда байқалуы мүмкін:

  • Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы
  • Алматы облысы – Балқаш ауданы
  • Жетісу облысы – Каратал ауданы
  • Қызылорда облысы – Арал және Қазалы аудандары

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің қалған аумақтарында ылғалдылық деңгейі климаттық нормаға сай болады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылық болуы мүмкін аймақтарды атаған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49