Украиналық теннисші Марта Костюк әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швентекті екі сетте сенімді жеңді. Қорытынды нәтиже 7:5, 6:1. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды. Қарсыластар кортта 1 сағат 40 минут өткізді.
Бұл украиналық пен поляк теннисшілерінің арасындағы төртінші кездесуі. Костюк алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол атақты қарсыласынан бірде-бір сет ала алмаған еді.
Франция ашық чемпионатының ширек финалында Марта енді не өз отандасы Элина Свитолинамен немесе Белинда Бенчичпен кездеседі.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» 2026 турнирінде Қазақстанның жалғыз өкілі ретінде Анна Данилина қалды. Бұған дейін өнер көрсеткен отандастарымыз Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Александр Шевченко жарыс жолын аяқтаған еді.