Қоғам • Бүгін, 17:13

Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымнан бастап жазғы шинаға көшу міндетті

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 маусымнан бастап жазғы шиналар маусымы ресми түрде басталады. Осы күннен бастап көлікті қысқы шиналармен басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымнан бастап жазғы шинаға көшу міндетті

Фото: istockphoto.com

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, маусымға сәйкес келмейтін шиналарды пайдаланғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (21 625 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өседі.

«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес, жазғы шиналардағы протектордың биіктігі кемінде 1,6 миллиметр болуы тиіс.

Сондай-ақ мамандар пайдалану мерзімі 5-6 жылдан аспайтын шиналарды қолдануға кеңес береді. Өйткені уақыт өте келе резеңке өзінің серпімділік қасиетін жоғалтып, протекторының тереңдігі талапқа сай болғанның өзінде жолдағы жүктемеге төтеп беру қабілеті төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар