Әкімнің айтуынша, бүгінде LRT қызметін күн сайын шамамен 65-75 мың адам пайдаланады. Бұл көрсеткіш жаңа қоғамдық көлік түрінің елорда тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Жеңіс Қасымбек жолаушыларға жаңа көлік жүйесіне сенім білдіріп, оны белсенді пайдаланғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ қалада LRT жобасының екінші кезеңі басталғанын хабарлады. Жаңа бағыт Астана мен Қосшы қаласын байланыстырады деп жоспарланып отыр.
Әкімнің сөзінше, жобаны одан әрі дамыту елорданың көлік инфрақұрылымын кеңейтіп, агломерация аумағындағы қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.