Әлем • Бүгін, 15:15

АҚШ-та химиялық зауытта қаза тапқандар саны 11-ге жетті

1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан химиялық кәсіпорында болған апат салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен барлық жұмысшылардың мәйіттері табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та химиялық зауытта қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Қайғылы оқиға Лонгвью қаласындағы қағаз және целлюлоза өндіретін зауытта болған. Кәсіпорында қағаз массасын өндіруде қолданылатын химиялық ерітінді сақталған резервуар жарылған. Апат кезінде құрамында натрий гидроксиді мен натрий сульфиді бар сұйықтық сыртқа төгілген.

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Алғашында екі адамның қаза тапқаны расталған еді. Кейін құтқарушылар бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары барысында тағы тоғыз жұмысшының денесін тапты. Іздеу кезінде ғимарат үйінділері тексеріліп, аумақты бақылау үшін дрондар пайдаланылған.

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

Билік өкілдерінің мәліметінше, резервуарда шамамен 3,4 миллион литр химиялық ерітінді болған. Апаттан кейін оның бір бөлігі Колумбия өзеніне ағып кеткен. Алайда мамандар әзірге ауыз су мен ауа сапасына айтарлықтай қауіп анықталмағанын мәлімдеді.

Апаттың нақты себептері анықталып жатыр, оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар