Аймақтар • Бүгін, 14:49

Маңғыстауда құтқарушылар сорға батқан көліктегі британдық туристерді құтқарды

1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр шатқалында жол талғамайтын көлік батпақты сорға батып, қозғала алмай қалған. 112 қызметіне хабар түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда құтқарушылар сорға батқан көліктегі британдық туристерді құтқарды

Көлікте Ұлыбританиядан келген екі ересек адам мен 12 жастағы бала болған. Жердің күрделі бедері мен батпақты аумақ құтқару жұмыстарын қиындатып, операция бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті сордан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, туристерге медициналық көмек қажет болмады.

Айта кетейік, Ақмола облысының құтқарушылары Бурабайда таудан түсе алмай қалған тоғыз шетелдік әйел туристке көмек көрсетті.

Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар