Бұл қазақстандық талапкерлердің академиялық даярлығын бағалау жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды көрсеткіші болды.
Енді қазақстандық түлектер Малайзияның бірқатар университеттеріне міндетті Foundation даярлық бағдарламасын өтпей-ақ, ҰБТ сертификаты арқылы оқуға түсе алады. Сонымен қатар ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламаларына түсу үшін IELTS, TOEFL немесе баламалы сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талаптары сақталады.