Мектеп • Бүгін, 16:40

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқанының мерзімі айқындалды. Оқу-ағарту министрлігі қабылдау үдерісін кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті. Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Суретті түсірген − Ерлан ОМАР, «Egemen Qazaqstan»

Министрлік бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналарға өтініш беру үдерісін барынша қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн тапсыруға болады. Сондай-ақ ата-аналар білім беру ұйымдарына тікелей барып, құжат өткізе алады.

ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімі төмендегідей бөлінген:

27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.

18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.

29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Бұған дейін 1-сыныпқа қабылдау бойынша қанатқақты жоба іске қосылғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды жаңбыр – бірегей бастама

Экономика • Бүгін, 16:07