Үкімет • Бүгін, 16:14

Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады

1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Алғабас ауылындағы адам өліміне әкелген өрттің себебін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады

Фото: istockphoto

Өрт 2025 жылдың 18 қараша күні таңертең болған. Құтқарушылар жанып жатқан үйден ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, тоғыз баланы қосқанда 12 адамның қаза тапқанын анықтады. Оқиға бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша жүргізілді.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл қайғылы оқиғадан қылмыстық із анықталмаған.

«Бұған тұрмыстық жағдай себеп болған. Менің білуімше, тергеу аяқталды. Электр құрылғысынан шыққан», деді вице-премьер Үкіметтегі брифинг барысында.

Ол өрттің нақты себебі сараптамалар жүргізілгеннен кейін бірден анықталғанын айтты.

Түркістандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам Шымкентке жеткізілді

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оның 9-ы балаҚызыл жалын 360 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан суреттер жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды жаңбыр – бірегей бастама

Экономика • Бүгін, 16:07