Футбол • Бүгін, 17:46

Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады

1 мин
оқу үшін

«Бавария» клубының қақпашысы Мануэль Нойер биылғы әлем чемпионатына қатысатын Германия құрамасының тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады

Ұлттық құраманың тізімін бас бапкер Юлиан Нагельсман жариялады. Құрамға 26 футболшы енгізілген. Ал турнирдегі команда капитаны Йозуа Киммих болады.

40 жастағы Мануэль Нойер үшін бұл мансабындағы бесінші әлем чемпионаты болмақ. Ол бұған дейін 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы мундиальдарға қатысқан. 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында Германия құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.

Германия бапкері Нойердің қазіргі құрамдағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі екенін атап өтті. Оның ұлттық құрамадағы соңғы ойыны Еуро-2024 турнирінің ширек финалында Испанияға қарсы матч болған. Қақпашы Германия құрамасы сапында барлығы 124 матч өткізген.

Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты

Германия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 14 маусымда Кюрасаоға қарсы өткізеді. Сонымен қатар топтық кезеңде Кот-д’Ивуар және Эквадор құрамаларымен кездеседі.

Бұған дейін Лионель Мессидің де 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар

Жасанды жаңбыр – бірегей бастама

Экономика • Бүгін, 16:07