Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары мен «Eco Almaty» өкілдері тасымалдаушыларға шығарындыларды бақылау қағидалары, міндетті техникалық тексеру және төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу туралы айтты.
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Бүгінде қалада 26 автобус паркі жұмыс істейді, ал күн сайын бағыттарға шамамен 3,2 мың автобус қатынайды. Негізгі талаптардың бірі – катализаторлардың болуы және экологиялық таза көлікке кезең-кезеңімен көшу.
Еске салсақ, 2024 жылдан бастап Алматыда дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынған. 2026 жылы жеке тасымалдаушылар 500 газбен жүретін автобус пен электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының негізгі талаптары 2027 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.