Фото: КТК арнасынан
Жалпақтал ауылында 10 жылдан бері мектеп түлектерінен ауылға тарту таралғы жасайтын дәстүр пайда болған екен. Содан бері мектеп бітіргеннен бастап мерейтойлық жылды атап өтетін түлектер 25 мамырға дейін ауылға үлкен сыйлық жасайды. Осы жылдар ішінде олар бірнеше саябақ, ойын алаңдарын, мүсіндер мен субұрқақ салды. Бұл жолғы түлектер ең әйгілі мұнараны тұрғызуға бел буған.
Эйфель мұнарасының Жалпақталдағы көшірмесі 30 метрді құрайды.
Жалпақтал әлеуметтік орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі директоры Болатбек Сармановтың әлеуметтік желідегі парақшасында, бұл Париждегі әйгілі мұнараның Қазақстандағы ең биік көшірмесі болатынын жазды.
Алайда аталған нысан бойынша ауыл тұрғындарының пікірі екіге жарылған. Біреулері бастаманы қолдаса, екінші жақ темірге кеткен қаражатты мұқтаж жандарға бағытталуы керек еді дейді.