Қоғам • Бүгін, 17:58

Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтанулық сауалнама Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының – Астана, Алматы және Шымкенттің тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады

Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелді – 91,4%. Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін көрсетеді. Жас буын мемлекет тарпынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарламалар, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Сонымен қатар бүгінгі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келеді, бұл жағдай Президентке деген сенім деңгейіне де ықпал етпей қоймады.

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ел Президентіне деген сенім деңгейі 86,7% құрады. Аталған көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен жүйелі реформалар бағытын берік қолдайтынын айғақтайды.

Соңғы жаңалықтар