Мемлекет басшысы алғашқы жолаушы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жол жүріп өтті.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.
