Фото: Видеодан алынған кадр
Associated Press агенттігінің дерегінше, роботтар тек қауіпсіздікті күзетіп қана қоймай, қозғалысты реттеуге және туристерге бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Дауыстық командаларды түсінетін бұл құрылғылар кез келген жағдайға жедел әрекет ету қабілетіне ие.
Қазіргі таңда қала көшелерінде 15 робот тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл адамдарға түсетін жүктемені азайтып, трафикті басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетейік, жаңа жүйе толық іске қосылмас бұрын жаппай іс-шаралар мен марафондар кезінде сынақтан өткізілген. Енді роботтар тұрақты негізде ресми қызметіне көшті.
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді