Фото: Ашық дереккөз
Әйелдің сөзінше, ол жақындарымен бірге танымал орындардың бірінен самса сатып алған. Алайда тағамды жеу барысында ішінен бөгде зат шығып, көңілдерін қалдырған. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен алаңдаушылық туғызды.
Оқиғаға байланысты аталған тамақтану мекемесі ресми түсініктеме беріп, арнайы видео жариялады. Кәсіпорын өкілдері табылған заттың расымен де ветеринарлық чип екенін растады. Мұндай құрылғылар әдетте ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы мен күтім тарихын бақылау үшін қолданылады.
Дегенмен, мекеме өкілдері бұл чиптің дайын тағам ішіне қалай түсіп кеткенін нақты түсіндіре алмады. Сондай-ақ тұтынушы бұл металл затты байқамай жұтып қойған жағдайда денсаулыққа қандай қауіп төнетіні туралы ақпарат та айтылмады.