Оқиға • Бүгін, 10:44

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қарасай және Ұйғыр аудандарында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер еркін жайылымдағы жүзден астам малды жүк көліктерімен тасып әкетіп отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

Фото: Polisia.kz

Тергеу барысында анықталғандай, қаскөйлер алдын ала дайындалған жоспар бойынша әрекет еткен. Ұрланған мал көрші аудандарға тасымалданып, жергілікті тұрғындарға сатылып келген.

17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды

Қазіргі уақытта ұсталғандардың жалпы құны 7 миллион теңгеден асатын 69 бас ұсақ мүйізді малды және құны 20 миллион теңгеге жуық 43 бас ірі қараны ұрлауға қатысы бары дәлелденді. Барлық күдіктілер қамауға алынған.

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ мал иелеріне жайылымды бақылаусыз қалдырмауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар