Фото: Ашық дереккөз
Азаматтық авиация бас басқармасының мәлімдеуінше, бұған дейін уақытша енгізілген сақтық шаралары толығымен алынып тасталды. Дегенмен ведомство ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуді жалғастыратынын жеткізді.
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты әлемдік әуе компаниялары, соның ішінде қазақстандық тасымалдаушылар да Дубайға рейстерді уақытша тоқтатқан болатын.