Білім • Бүгін, 11:10

Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жоғары білім беру қызметтерінің бағасы айтарлықтай өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқу ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 10,8%-ға жоғарылаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады

Фото: Ашық дереккөз

Қай өңірде баға шарықтады?

Республика бойынша орташа көрсеткіш 110,8% болғанымен, кей өңірлерде бағаның өсуі бұдан әлдеқайда жоғары:

  • Атырау облысында – 36,3%;
  • Түркістан облысында – 19,6%;
  • Маңғыстау облысында – 15,4%;
  • Шымкентте – 15,2%;
  • Астанада – 15%-ға қымбаттады.

Алматы қаласында білім беру қызметтері 9,4%-ға өссе, Алматы облысында баға мүлдем өзгермеген. Ең төменгі өсім Қостанай (1,8%), Ақтөбе (5%) және Ұлытау (5,9%) облыстарында тіркелген.

Сан емес, сапа маңызды: Тоқаев шетелдік ЖОО-на бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта пысықтауды тапсырды

Оқу ақысының мөлшері: 500 мыңнан 7,6 миллион теңгеге дейін

Бүгінде елордалық және алматылық жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Алматыда жылдық оқу ақысы мамандық пен ЖОО мәртебесіне қарай 500 мыңнан 7,6 млн теңгеге дейін жетсе, өңірлерде бұл көрсеткіш 450 мың мен 2,4 млн теңге аралығында ауытқиды.

Бір қызығы, бағаның өсуі ақылы негізде оқуға түсушілердің санын азайтқан жоқ. Finprom мәліметінше, 2025-2026 оқу жылында коммерциялық бөлімге 130,8 мың студент қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға артық.

Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады

Өткен жылы жоғары оқу орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 807,8 млрд теңгені құрады. Оның 61%-ы немесе 493,1 млрд теңгесі Алматы мен Астана қалаларының үлесінде. Бұл мегаполистер мен өңірлер арасындағы білім сапасы мен қаржылық мүмкіндіктердің алшақтығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Мәселен, Алматыдағы қызмет көлемі 310,6 млрд теңге болса, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш небәрі 4,3 млрд теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар