Қоғам • Бүгін, 18:13

Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2026 жылдың наурыз айында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға салыстырмалы түрде тұрақты сақталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел бойынша орташа өсім ақпан айымен салыстырғанда бар болғаны 1% болды. Ал жыл басынан бергі үш айдағы өсім +3.7% деңгейінде, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?

Фото: Ашық дереккөз

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстандағы бастапқы тұрғын үй нарығы тепе-теңдік жағдайында тұр. Бағаның күрт көтерілуі байқалмайды, керісінше, кейбір өңірлерде тіпті төмендеу тіркелген.

Қай қалаларда баға өзгерді? 

Наурыз айында жаңа үйлердің бағасы бірнеше қалада өскен:

  • Астана – +2.2%;
  • Ақтөбе – +1.4%;
  • Павлодар – +1%;
  • Алматы – +0.4%;
  • Қарағанды – +0.4%.

Ал кейбір өңірлерде баға керісінше төмендеді:

  • Ақтау – 1.5%;
  • Атырау – 0.6%; 
  • Қонаев – 0.4%.

Жаңа үйлердің бағасы қалай өзгерді?

Көптеген өңірде айлық динамика өзгеріссіз қалды. 2026 жылдың наурызында ел бойынша жаңа үйлердің орташа бағасы 612 315 теңгені құрады.

  • Астана – 731 990 теңге;
  • Алматы – 722 400 теңге;
  • Шымкент – 535 036 теңге;
  • Атырау – 532 205 теңге;
  • Орал – 326 259 теңге;
  • Ақтөбе – 345 933 теңге;
  • Көкшетау – 350 712 теңге.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Соңғы бір жылда жаңа үйлердің бағасы орта есеппен 16.6% өскен. Ең жоғары өсім – Астана (+20.7%), Алматы (+20.2%) және Ақтөбе қалаларында (+20%) тіркелген.

 

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді

 

Соңғы жаңалықтар