Ата заң • Бүгін, 14:59

«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» атты тақырыпта өткен іс-шараның мақсаты – оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді», делінген хабарламада.

Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі

Соңғы жаңалықтар