Әскер • Бүгін, 17:15

Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде сынақ режимінде жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйесін іске қосылды. Бұл қадам сарбаздардың қауіпсіздігін күшейтуге және ішкі тәртіпті бақылауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды

Фото: Ұлттық ұлан

Қазіргі таңда жүйе Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде енгізіліп жатыр. Ол қолданыстағы бейнекамераларға қосылып, бейнеағынды тәулік бойы үздіксіз талдайды. Яғни, камералар тек жазып қана қоймай, жасанды интеллект арқылы нақты уақыт режимінде талдау жасайды.

Жүйенің басты ерекшелігі – сарбаздардың жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және эмоциялық жағдайын саралау мүмкіндігі. Бұл тек бақылау құралы емес, сонымен қатар алдын алу сипатындағы интеллектуалды шешім.

Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді

Жасанды интеллект сарбаздардың мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтап, ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайларды автоматты түрде белгілейді.

«Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия байқалса, жасанды интеллектке негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді», деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Абдилов.

Осылайша, жүйе ықтимал тәуекелдерді ерте кезеңде анықтап, жедел араласуға мүмкіндік береді.

Жинақталған бейнематериалдар арнайы цифрлық платформада сақталады. Бұл оқиғаларды кейін талдауға, жағдайды зерттеуге және жүйенің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады

Егер жасанды интеллект жүйесі өз тиімділігін дәлелдесе, оны басқа әскери бөлімдерге де енгізу жоспарланып отыр. Бұл – Ұлттық ұландағы цифрлық трансформацияның маңызды кезеңдерінің бірі.

Жаңа технологиялар әскери қызметтегі қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға және алдын алу шараларын жетілдіруге жол ашады.

Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Соңғы жаңалықтар