Білім • Бүгін, 10:44

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға 179 мыңға жуық адам қатысып, олардың 70%-ы шекті балл жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тестілеуге қатысушылардың 75%-ы – қазақ тілінде, 25%-ы – орыс тілінде, ал 157 талапкер ағылшын тілінде тапсырған. Бес пән бойынша орташа балл – 66, ал ең жоғары нәтиже – 140 балл.

Ең үздік көрсеткіштердің бірі Атырау облысының түлегі Кенесова Жазираға тиесілі. Ол төрт пәннен 90 балл жинап, ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәні бойынша нәтижесін конвертациялау нәтижесінде жалпы 140 баллға қол жеткізді.

Талапкерлер тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығына ие. Ал техникалық себептерге байланысты өтініштер тестілеу барысында қабылданған. Биыл 31 мыңнан астам апелляциялық өтініш түсіп, олардың ішінде 17 бірегей тест тапсырмасы бойынша өтініштер қанағаттандырылды. Қазір республикалық комиссия жұмысын аяқтап, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.

Пәндік комбинациялар арасында талапкерлер ең көп таңдаған бағыт – «Математика-Физика» (18,7%). Одан кейін «Биология-Химия» (16,5%) және «Шығармашылық емтихан» (10,3%) комбинациялары көш бастап тұр.

Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін жағдай жасалып, 408 адам ҰБТ-ға қатысқан.

Тестілеу барысында 264 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 130 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін шеттетілсе, тағы 134 адам тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Басқа адамның орнына кіру деректері тіркелмеген.

Министрліктің мәліметінше, 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер қосымша ереже бұзушылықтар анықталса, талапкерлердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?

Соңғы жаңалықтар