«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:33

«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыда кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Биыл шаһарда 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

2026 жылға жоспарланған жасыл желек көлемі:

  • 7,2 мыңнан астам ірі көлемді ағаш (биіктігі 5-6 метр);
  • 500 мыңнан астам бұта;
  • 40 мыңға жуық кесілген ағаштың орнына көшет (2-2,5 м).

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Көктемгі маусымға жоспар бойынша 19 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады, оның ішінде:

  • 3,7 мың ірі көлемді ағаш;
  • 15 мың кесілген ағаштың орнына егілетін көшет.

Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам жасыл желек егілді: 2,6 мың ірі көлемді ағаш және 4 мың көшет.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Садықов көшесі бойында 80 ірі көлемді ағаштан (5-6 м) тұратын жаңа аллея ашылады.

«Негізгі басымдық – егілген өсімдіктердің жақсы жерсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланың климатына төзімді түрлерді таңдау.

Алматы жыл сайын жасыл желегі көбейіп, тұрғындар үшін өмір сүруге жайлы қалаға айналып келеді», делінген хабарламада.

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар