Ауа райы • Бүгін, 10:15

30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжамынша, бүгін кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото: Ашық дереккөз

Астанада көшпелі бұлт жүреді, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с деңгейінде болады. Ауа температурасы түнде -1...+1°C аралығында болса, күндіз +13...+15°C-қа дейін жылынады.

Алматыда күн ашық болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде термометр бағаны +12...+14°C көрсетсе, күндіз нағыз көктемгі жылу орнап, ауа температурасы +25...+27°C-қа дейін көтеріледі.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз күн +27...+29°C-қа дейін ысиды.

Елдің батысында ауа райы құбылмалы болады. Ақтау, Атырау және Орал қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Желдің екпіні 14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 

Қызылорда мен Түркістанда термометр бағаны +30°C-қа дейін көтеріледі. Қызылордада жаңбыр жаууы ықтимал. Таразда жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды мен Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +17...+25°C жылы.

Павлодарда тұман түседі, күндізгі температура +9...+11°C деңгейінде.

Өскемен мен Семейде түнде -3°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз ауа +8...+15°C-қа дейін жылынады.

Солтүстік өңірлерде (Көкшетау, Қостанай, Петропавл) көшпелі бұлт жүреді, бірақ жауын-шашын болмайды. Күндізгі температура +13...+18°C шамасында болады.

Еске сала кетейік, кеше ел аумағының басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болды.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58