Оқиға • Бүгін, 17:58

Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл сотында бұрынғы судьяларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сотталғандардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының экс-төрағасы Ерлан Ибраев бар. Сонымен бірге алматылық заңгер Артем Иванов және өңірге белгілі екі кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты

Тергеу жұмыстары жерге қатысты даулы іс қаралғаннан кейін басталғаны айтылды.

Сот шешіміне сәйкес, Бекбол Баймаханов Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтыққа оқталу), сондай-ақ 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан мемлекет пайдасына 1,2 млн теңге өндірілетін болды.

Іс материалдары барысында Баймахановтың жұмыс кабинетінде 15 мың доллар (шамамен 7,4 млн теңге) және 466 мың теңге табылған. Бұл қаражат мемлекет қорына аударылады.

Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Ал бұрынғы судья Ерлан Ибраев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды, мемлекетке 2,2 млн теңге қайтару міндеттелді.

Сонымен қатар Гамлет Мелконян4 жылға, ал Геворг Погосян3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, судья оң шешім шығару үшін 50 мың доллар пара алуды жоспарлаған болуы мүмкін. Кабинеттен табылған 15 мың доллар сол соманың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды

Соңғы жаңалықтар