Иранға ұшатын рейстер 12 наурызға дейін шегерілді. Түркия Көлік министрі егер жағдай ушығатын болса, Сауд Арабиясы мен Оманға баратын ұшақтарды да тоқтатамыз деп мәлімдеді.
Ал Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерде ешқандай шектеу жоқ. Бұдан бөлек, Түркия билігі Иранмен шекарадағы үш бекетті бір жақты жабу туралы шешім қабылдады. Яғни Түркиядан Иранға өту ашық, ал Ираннан елге тек қана Түркия азаматтары кіре алады.
Бұған дейін Түркия әуе компаниясы АҚШ пен Израиль тарапынан Иран-ға жасалған шабуылдардан кейін Таяу Шығысқа бағытталған рейстерін тоқтатқан еді.
Ұшып бару тоқтатылған елдер қатарына Ливан, Сирия, Ирак, Иран, Иордания, Катар, Кувейт, Бахрейн,Біріккен Араб Әмірліктері, Оман мемлекеттері кірді.
Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды
Әуе компаниясы әуе кеңістігін нақты уақыт режимінде қадағалап отырғанын және қауіпсіздік жағдайына байланысты қосымша рейстерді тоқтату туралы шешімдер қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.
«Аймақтағы жағдай тұрақсыз, және жолаушылар қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», деп мәлімдеді Turkish Airlines.
Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылғанын хабарлаған едік.