Президент • Бүгін, 16:21

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады

Фото: Ақорда

Бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.

Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.

Мемлекет басшысына «Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Аталған жоба Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ.

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Бағдат Мусиннің айтуынша, жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріледі. Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды. Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту салаларында инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Азия даму банкі президенті Масато Канданы қабылдады

Соңғы жаңалықтар