Оқиға • Бүгін, 16:17

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында қуаттағыш құрылғының жарылысы салдарынан өрт шығып, бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгінде үйден тек күйген қабырғалар ғана қалған. Ішінде сынған есіктер, қалың күйе мен өткір түтін иісі сақталған. Өткен сенбі күні болған алапат өрт отбасының жалғыз баспанасын жалмап кеткен. Бұл үйде Тимур Майрумбаев екі ұлы және әкесімен бірге тұрған. 

Тимурдың әкесі Құрман Майрумбаевтың айтуынша, жарылыс кенеттен болған. Балалар құрылғыны бөлмеде қуат көзіне қосқан сәтте қатты дыбыс шығып, артынша өрт тұтанған. Жалын бірден жиһазға тарап, қою түтін үй ішін басып қалған. Тыныс алу мүмкін болмай, көзге ештеңе көрінбеген.

Астанада көп қабатты үйден өрт шықты

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменің мәліметінше, 28 ақпан күні «Арман» тұрғын алабында орналасқан бір қабатты жеке үйдің шатыры өртенген. Өрт 20:02-де оқшауланып, 20:23-те толық сөндірілген. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Құжаттар ғана аман қалған. Төтенше жағдайдан кейін отбасы туыстарының үйін паналауға мәжбүр болған. Қазір олар уақытша баспана іздестіріп жатыр. Алты жыл бойы өз қолымен тұрғызған үйді енді қайтадан салуға тура келеді.

Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Өзі құрылысшы Тимур Майрумбаев қазіргі таңда құрылыс материалдарына мұқтаж екенін айтады. Күн жылына салысымен, үйді қалпына келтіру жұмыстарына кіріспек. 

Соңғы жаңалықтар