Фото: kolesa.kz
Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы әрі басшысы Михаил Ломтадзе автокөлік иелеріне арналған сервиске қатысты оң пікірлер жазылып жатқанын атап өтті.
«Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы автокөлікті қайта тіркеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, көлікті кепілге қоюға немесе кепілден шығаруға болады. Енді қосымшада техникалық паспортты ауыстыру қызметі де қолжетімді болып отыр. Адамдарға күнделікті мәселелерін тез әрі оңай шешуге көмектесетін сервистерді жасағанымызға қуаныштымыз. Қолданушылар қазір қосымшаны пайдаланып, жағымды пікірлерін жеткізіп жатыр. Ынтымақтастық үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болған әрбір тұтынушыға алғыс айтамыз», деді Михаил Ломтадзе.
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин аталған сервисті іске қосу –танымал қызметтерді онлайн форматқа көшіру және мемлекеттік сервистерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін айтты.
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
«Kaspi.kz қосымшасында техникалық паспортты ауыстыру қызметінің іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы қызмет алу уақытын қысқартып, Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару қажеттілігін азайтады. Біздің міндетіміз – сұранысқа ие қызметтердің басым бөлігін бірнеше батырманы басу арқылы қолжетімді ету», деді Ростислав Коняшкин.
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?