Қоғам • Кеше

Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала билігі жүрдек трамвай желісінің (LRT) құрылысын 2027 жылы бастап, екі жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: Siemens/GCRTA

Қоғам талқысына шыққан LRT жобасында құрылыс 2027 жылдың II тоқсанында (сәуір айында) басталып, 2029 жылдың сәуірінде аяқталады деп жазылған.

Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды

Жобаның басталу уақыты мемлекет бөлетін қаржыға байланысты. Құрылыстың жалпы мерзімі – 24 айды құрайды. Оның ішінде дайындық кезеңі (үйлерді бұзу және инженерлік желілерді көшіру жұмыстарын қосқанда) – 7 ай.

Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты

Бірінші желінің алғашқы кезеңі Алматының негізгі көлік дәліздерін байланыстырады. Трасса Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасатын деподан басталып, кейін оңтүстік бағытта Б. Момышұлының бойымен Төле биге дейін барады, одан соң Төле би көшесімен шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін созылады. Сол жерден Алматы-2 теміржол вокзалына түседі. Соңғы аялдама «Райымбек батыр» көлік торабының жанында болады.

Бірінші кезеңнің ұзындығы – 17.893 шақырым, жолаушы платформасының саны – 34, аялдамалар аралығының орташа қашықтығы – 700 м.

LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?

Соңғы жаңалықтар