Спорт • Бүгін, 19:35

Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесуден жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта шаһарында өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының өкілі жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.

Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Сары құрлық бәсекесінде отандасымыз С. Актаева рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

Семсерлесушілер Фуджейрада сайысқа түседі

Оның финалға шығу үшін кездескен қарсыласы қытайлық Чжу Линьлинь болды. Өзара мықтыны анықтау тұрғысында тартысқа толы болған сайыста Қытай спортшысы 14:15 есебімен ұтты.

Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына шығып, оған қола жүлде тағылды.

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

 

Соңғы жаңалықтар