Фото: gov.kz
Министрлік мәліметінше, ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір олар медицина мамандарының бақылауына алынған.
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
«Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді», делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.