Президент • Бүгін, 13:13

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында энергетика және телекоммуникация салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы қарастырылды.

Президенттің айтуынша, газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ықпалдастықтың негізі саналады. Бұл бағыттағы ауқымды жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысына PIH компаниясының телекоммуникация нарығындағы қызметін кеңейту жоспары баяндалды. Холдинг мұны Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу келісімшарты аясында іске асырмақ.

Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев компания осы арқылы телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғыртуға, қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті мен PIH компаниясының басшылары өзара ықпалдастықты одан әрі жандандырып, перспективті инвестициялық жобаларды іске асыруға бейіл екенін растады.

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

 

Соңғы жаңалықтар