Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, аталған компанияның нысаны Махамбет ауданында орналасқан.
Атырау экологтері табиғатты ластаушыларға 2,3 трлн айыппұл салды
«Департамент қызметкерлері жеке тұлғаның арызы негізінде «Промэкология» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру кезінде компанияның Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінде орналасқан нысаны аумағындағы топырақта майға ұқсас сұйықтықтың бар екені, нақтысында жер телімі мұнай өнімдерімен ластанғаны анықталды. Аталған нысанда қалдықтардың жинақталғаны белгілі болды. Осыған орай жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарға байланысты Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік істер қозғалды. Компанияға жалпы көлемі 2 380 913 теңгенің айыппұлы салынып, өндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.