Министрдің мәліметінше, емделген пациенттердің саны 8,3%-ға, 49 мыңнан 53 мыңға дейін, ал жүргізілген тромболиздің үлесі 11%-ға өсіп, инсульттан болатын өлім 4%-ға төмендеген.
Министрліктің дерегінше, инсульт қанайналым жүйесі (ҚАЖ) ауруларынан болатын өлімнің жалпы құрылымында 32%-ды құрайды.
«Өңірлердегі бас штаттан тыс кардиологтар жетекшілік ететін бейінді ғылыми институттармен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып және олардан жан-жақты әдістемелік қолдау ала отырып, үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты күшейтуі тиіс», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министр атап өткендей, стационар мен амбулаториялық қызметтің арасындағы кадрлық теңгерімсіздікті жою қажет, онда жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды анықтау және басқару бойынша негізгі жүктеме қалыптасады.
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
«Цереброваскулярлық бұзылыстарды ерте анықтау үшін скрининг енгізіліп, инсульт әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне енгізілді. Инсульттан кейін пациенттерді диспансерлік есепке қою мерзімі 30-дан 15 күнге дейін қысқартылды», деді министр.