Спорт • Бүгін, 11:03

Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл спортшылармен және жас балуандармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті

Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысты.

Шара барысында жас балуандар Ерсін Балтағұлға төл күресімізідің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Танымал сумошы өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

пп

«Кәсіпқой спорттағы табысымның кілті – еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебі арқылы қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал келтіретін болсам, мен сумо белдесулерінде қазақ күресінің «Жамбас» әдісін жиі қолданамын», деді спортшы.

Іс-шара соңында Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады.

Жапонияны мойындатқан жалғыз қазақ: Ерсін Балтағұл Астанада жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Айта кетейік, Мемлекет басшысы былтыр жыл соңында Жапонияға жасаған сапары аясында Ерсін Балтағұлмен кездесіп, сумошыны ел азаматтары мақтан тұтатынын атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13