«2026 жылғы 06 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, ертең еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Сонымен қатар, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 6 ақпанда Астана қаласында қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін болады.