Ата заң • Кеше

Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Варшавада өткен ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның жоғары деңгейдегі форумына қатысты. Әлемнің 33 елінен, сондай-ақ АҚШ пен Канададан делегаттар жиналған бұл жиында Қазақстанның саяси реформалары мен жаңа Конституция жобасы кеңінен таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды

Іссапар барысында Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Мария Телалианмен кездесті. ОСК өкілі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарын баяндады. Сұхбат барысында мынадай маңызды өзгерістерге ерекше назар аударылды:

  • Бір палаталы Құрылтайдың құрылуы, оның депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлануы;

  • Вице-президент лауазымының енгізілуі;

  • Заң шығару бастамасына ие Халық кеңесінің құрылуы.

Мария Телалиан ұсынылған ақпаратқа жоғары баға беріп, ЕҚЫҰ ДИАҚБ алдағы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын жіберу мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында Мария Телалианға ҚР Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен сайлау тақырыбында жарық көрген кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасы сыйға тартылды.

1

Мұхтар Ерман Польшаның Ұлттық сайлау бюросының басшысы Пафаль Ткачпен де кездесу өткізді. Тараптар сайлау жүйесін цифрландыру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және сайлаушылардың жеке деректерін қорғау мәселелерін талқылады.

2

Польшалық әріптестер қазіргі таңда өз елінде дауыстарды қолмен есептеу әдісі сақталғанын айтып, жалған ақпаратпен (фейк) күресудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында Мұхтар Ерман польшалық әріптестерін Қазақстанда өтетін референдумды бақылауға алдын ала шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02