Жиында Мәжіліс депутаты, ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов ұсынылып отырған өзгерістерді елдің дамуы мен қалыптасуына бағытталған жаңа бағдар деп атады. Партия жетекшісінің айтуынша, еліміздегі реформаларды әлемдік деңгейдегі «Социалистік интернационал» халықаралық саяси ұйымы толық қолдап отыр. Айта кетейік, ЖСДП – Қазақстаннан бұл беделді ұйымға мүше жалғыз партия.
Заңгер Айман Умарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады
Жиынға қатысушылар Конституция жобасының қоғамдық-саяси маңызын ғана емес, оның күнделікті өмірге әсерін де талқылады:
- Әлеуметтік сала мен еңбек қатынастарына енгізілетін жаңашылдықтар;
- Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі;
- Өңірлердегі халықтың нақты сұраныстарын ескеру.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады
Партия өкілдері реформаның мәнін халыққа «кеңсе тілімен» емес, қарапайым әрі жүйелі түрде жеткізу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ заматтардың Ата заң жобасына бей-жай қарамауы керектігін айтып, өңірлік ерекшеліктер мен халықтың нақты сұраныстарын ескере отырып, алдағы уақытта азаматтардың талап-тілектерін заң аясында жүйелеу қажеттігі де сөз болды.
ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды
Бұл ретте ЖСДП халықтан түсетін ешбір өтініш назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Жаңадан құрылатын «Халық Кеңесі» мен Құрылтайдың жұмысы тікелей Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен үндес екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ЖСДП-ның бастауыш партия ұйымдары өңірлердегі пікірталас жұмыстарын белсенді жалғастыруға дайын екенін растады.