Оқиға • Кеше

Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында төрт адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды

Ведомствоның мәліметінше, 2 ақпан күні Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Сарыбастау ауылында, шаруа қожалығы аумағындағы жеке тұрғын үйде төтенше жағдай болғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген туыстары үй ішінен төрт адамның мәйітін тапқан. 

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылған.

Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр?

Қаза тапқандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел адам және бір жарым жастағы бала бар.

Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті Жайықтан табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың туыстары олармен екі күн бойы байланысқа шыға алмаған, содан кейін жағдайды өздері тексеруге барған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар