Фото: Криштиану Роналду / Maxppp
Бұған дейін Роналду «Әл-Риядқа» қарсы өткен чемпионат ойынына қатыспай, команданың бір жаттығуын өткізіп алған еді. Сол матчта «Әл-Наср» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Дереккөздердің мәліметінше, бұл қадам ойыншы мен клуб басшылығы арасындағы ішкі келіспеушіліктермен байланысты болған.
ESPN дерегінше, жағдай сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда күрделі. Басылым мәліметіне сәйкес, Роналду 6 ақпанда өтетін Сауд Арабиясы чемпионатының 21-туры шеңберіндегі «Әл-Иттихадқа» қарсы ойынды да өткізіп алуы мүмкін. Бұған себеп – клубты бақылап отырған мемлекеттік инвестициялық қор PIF-тен нақты басқарушылық өзгерістерге қатысты кепілдіктер талап етуі.
Португалиялық жұлдыз «Әл-Наср» басқа алпауыт клубтармен, әсіресе «Әл-Хиляльмен» салыстырғанда жеткілікті деңгейде қаржылай қолдау алмай отыр деп есептейді. Егер талаптары ескерусіз қалса, Роналду келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды сұрауы ықтимал. Оның қазіргі келісімі 2027 жылдың жаз мезгіліне дейін жарамды.
Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты
Осы маусымда Криштиану Роналду клуб деңгейінде 20 матч өткізіп, 17 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Айта кетейік, бүгін, 5 ақпанда әйгілі шабуылшы 41 жасқа толды.