Қазақстан • 05 Ақпан, 2026

Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзиттелетін ресейлік газ көлемі жүйелі түрде артып келеді. Бұл жоба Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, елдердің өнеркәсіптік дамуына серпін береді, бизнес ахуалды жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?

Жоба Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту мен жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Газпром» және Есіл − Астана магистральдық газ құбыры арасындағы меморандумға сәйкес құбыр 2030 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады.

Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

Елшінің айтуынша, Қазақстанда Балқаш көлі жағасында алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталған. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр.

Сондай-ақ, 2025 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 24,1 млрд АҚШ долларына жеткен. 

«Өткен жылы екі ел жалпы құны 616 млн доллар болатын 14 бірлескен өнеркәсіптік жобаны іске қосты, ал ынтымақтастық портфелі шамамен 57 млрд долларды құрайтын 175 жобаны қамтып отыр. Бұдан бөлек, Мәскеу қаласында Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашуға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр», деп атап өтті елші.

Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Соңғы жаңалықтар