Кадрларда Айгүл Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова мен Александр Донцовтың Мәскеуде тұрып жатқаны және жұмыс істеп жүргені айтылады. Александр Донцовтың өзі қылмысқа еш қатысы жоқ екенін, өзіне жала жабылғанын жеткізеді.
Бұған дейін оларға Ресей Тергеу комитетінің тексеру жүргізетіні жөнінде ақпарат тараған болатын.
Германиядағы судьяның өлімі: Қазақстан Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жариялады
112 арнасының мәліметінше, 2 ақпанда Наталья Донцова тергеушілермен байланысудан бас тартқан. Ол Ресей заңнамасындағы «ешкім өзіне, жұбайына немесе жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес» деген норманы пайдаланған.
Еске салайық, Айгүл Сайлыбаева 2024 жылғы 3-4 маусым аралығында хабарсыз кеткен. Ал 16 маусымда оның пышақ жарақаттары бар мәйіті қала шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйде табылған.
Қазақстанда Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды
Марқұмның адвокаты Жанна Мұхамади Айгүл Сайлыбаеваның жүкті болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, экс-судья күйеуі мен енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Айгүл бұл туралы жақын құрбыларына айтып, ұрып-соғу белгілері көрінетін фотосуреттерді жіберіп отырған.
Осы деректерге байланысты Қазақстанда «қинау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.