Сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Жанель Кушукова Ақтөбе қаласындағы ірі супермаркеттерде сатылып жатқан картоп пен сәбіздің сапасына қатысты пікір білдірді. Қаңтар айының соңында қала тұрғындары әлеуметтік желіде көкөністердің шіріген күйде сатылып жатқанын көрсететін видеолар жариялаған болатын. Сауда желілерінің өкілдері соңғы уақытта тұтынушылар тарапынан шағым көбейгенін растады.
Вице-министрдің айтуынша, аталған бейнематериалдардың қашан түсірілгені де маңызды.
«Мен бұл мәселені көрдім, бірақ мұнда бәрі өте субъективті. Материалдың қашан түсірілгеніне қарау керек. Егер кешкі уақытта болса, бәріміз түсінеміз, таңертең адамдар келіп, жақсысын таңдап алады. Бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізілді. Есімде, сауда желілері тауарды сөреге шығарған кезде белгілі бір пайызда жарамсыз өнім болатынын айтқан. Әрине, жақсысы алынып кетеді, ал кейін қалғаны түсіріліп, желіге жарияланған», деді Жәнел Күшікова.
Оның айтуынша, сауда орындарында сапасы төмен көкөністерді сатуға жол берілмеуі керек.
«Мұндай өнімдер не төмендетілген бағамен сатылады, не толықтай нарықтан түсіріледі», деп нақтылады вице-министр.
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Ведомство өкілінің сөзінше, әлеуметтік азық-түлік сапасына қатысты бақылау жұмыстары жалғасып, сауда желілерімен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр.