фото: СІМ
Ол еліміздің Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ілгерілетудегі жұмысын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын қорғауға, орнықты даму мақсаттарын, өңірлік және халықаралық алаңдарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Президент БҰҰ-дағы жұмысына қайта оралуы туралы сыбысқа қатысты жауап берді
Кездесу барысында 2026 жылдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Соғыс кезіндегі гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселесін талқыланды.
Ержан Ашықбаев Қазақстанның ұйымның қызметіне қолдау көрсете беретінін және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады.
ХҚКК – соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді негізгі мақсаты еткен тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. ХҚКК 1992 жылдан бері Орталық Азияда жұмыс істеп келеді, Өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылы ХҚКК Миссиясы Астана қаласында өз өкілдігін ашты.
БҰҰ-ның мұқтаж жандарға берілетін гуманитарлық көмегі қысқаратын болды
Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка тарапынан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосылды.