Фото: polisia.kz
Күдіктілер қорғансыз азаматтарды қорқытып, қысым көрсетіп өз атына автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Оларды төлем жасауға қабілетті ретінде көрсету үшін есепшотына уақытша қаржы аударып, азаматтардың несие тарихын қолдан жақсартқан.
Қылмыстық топ мүшелері жалған құжаттарды пайдаланып, көліктерді кепілге қойып, микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Одан соң қымбат автокөліктер шетелде сатылған.
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
«Қазір осындай 15 дерек анықталып, өзге де эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында бірнеше атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді растайтын құжаттар мен ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді», делінген ІІМ хабарламасында.
Қылмыстық іске қатысы бар негізгі 6 күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бұған дейін шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түскенін хабарлағанбыз.