Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Екі көлік соқтығысқаннан кейін жүргізушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Жанжалға үшінші көлікпен жеткен таныстары да араласып, жағдай ушығып кеткен.
Қақтығыс кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алды. Соның салдарынан 40 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Тағы бір 1990 жылы туған азамат ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде операция жасалды.
Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады. Қазір қылмыстық іс «Кісі өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптары бойынша тергеліп жатыр.